- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастағы негізгі коммуникациялық дағдылар
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастағы негізгі коммуникациялық дағдылар
2024 жылдың 2 сәуір күні сағат 14:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінде ТДМ 17 «Тұрақты даму бойынша серіктестік» аясында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары – з.ғ.к., доцентН.Қ.Мынбатырова, з.ғ.к., доцент Л.Т.Культемироважәне з.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Жарболованың ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастағы негізгі коммуникациялық дағдылар» тақырыбындағы көшбасшылық дәріс өтті.
Көшбасшылық дәрісті М.Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының оқытушысы, полиция подполковнигі, журналистер одағының мүшесі – Сагандыкова Динара Амангельдиевна жүргізді.
Спикер өз сөзінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу кезінде коммуникативті дағдыларды меңгеруінің маңыздылығы туралы маңызды мәселеге тоқталды.
Дәріскер студенттерді ішкі істер, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен брифингтер, баспасөз конференциялары, сұхбаттар өткізу тәртібімен таныстырды. Баяндамашы БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жасау кезінде ерекше сақталуы тиісережелерді атап өтті. Интервью беруші өз сөзінемұқият болуына ерекше назар аударып, мысқылдан аулақ болып және қорлайтын сөздерді қолданбауыкеректігін ескертті.
Спикер жастардың студенттік кезден бастап желідегі беделін қалыптастыру мәселесіне, әлеуетті құқық қорғау органдарының қазіргі және болашақта беделіне нұқсан келтіретін мәтіндік материалдар мен фотосуреттердің жариялануына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударды.
Студенттер осындай өзекті мәселелерді қозғаған лекторды зор ықыласпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, оң онлайн репутацияны дамыту құқық қорғау органдарында, басқа да мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жеке тәжірибеде мансап құруға айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.