- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жеке қосалқы шаруашылық және бағбандық саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: келешегі мен шешу жолдары
Жеке қосалқы шаруашылық және бағбандық саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: келешегі мен шешу жолдары
БҰҰ-ның № 11 Тұрақты даму мақсаттары аясында Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығындағы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Жеке қосалқы шаруашылық және бағбандық саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері: келешегі мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелде «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды. Аталған заң жеке қосалқы шаруашылықтар қызметiнiң құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн, олардың қызметiн мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қағидаттары мен тетiктерiн айқындайды. Жеке қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрi болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар бірауыздан «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заңның қоғамға керек екендігін және елді мекендерде тұратын халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатындығын атап өтті.