«АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА:БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨСУ ЖОЛЫ»

5 сәуір, 2024

2024 жылы 25-30 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында ЖОО аралық пәндік олимпиада студенттердің 2-4 курс араларында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық қалаларының студенттері азаматтық құқық саласындағы білімдерін, дағдылары мен аналитикалық қабілеттерін көрсету мақсатында қатысты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз облыстық университетінің студенттері, Абай атындағы ҚазҰПУ, Кенжеғали  Сағадиев атындағы  Халықаралық Бизнес университеті, Алматы қаласындағы Каспий университеті, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері атсалысты.

 Олимпиаданың форматы - онлайн, екі кезеңнен тұрды, бұл азаматтық-құқықтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды сынау және қорғау. Жеңімпаздарға тек дипломдар ғана емес, сонымен қатар олимпиадаға қатысушыларға жүлдегерлер беріліп, сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасының мүшелері ынталандыру хаттары мен сыйлықтармен студенттердің ең керемет туындылары (кітаптармен) марапатталды:

 

 I дәрежелі диплом

Турсынбай Мухамед

 Университет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті.

 Ғылыми жетекші: доцент,аға оқытушы С.Р.  Ермұхаметова

 

       II дәрежелі диплом

       Исабекова Аклия

 Университет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті.

 Ғылыми жетекші: аға оқытушы Г.А. Худайбердина

 

 ІІІ дәрежелі диплом

       Сейілбек Жүніс Аманұлы

  Университет: М.Х. Дулати атындағы Тараз облыстық университетінің  3 курс студенті.

Ғылыми жетекші: PhD докторы Е.Т. Сатылканов

Олимпиадаға қатысу, студенттерге азаматтық құқық саласындағы білімді өлшеп қана қоймай, өздерінің деңгейін көрсетуге,  тәжірибемен алмасуды және білімін көрсетуге, сонымен қатар құқықтық қоғамда жаңа таныстар табуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олимпиада  болашақта өздерінің кәсіби дамуының маңызды кезеңіне айналды және болашақ мансабының негізі болады. Болашақта үлкен мүмкіндік алуына көмектеседі.

Бұл шара әр түрлі жоғары оқу орындарының студенттерін даярлаудың жоғары деңгейін растады және  Қазақстандағы құқықтық білім беруді дамыту үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Біз өз студенттерімізді мақтан тұтамыз және олар заңгерлердің лайықты өкілдері болатынына, еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосатындықтарына сенімді.