Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат

7 сәуір, 2024

3.04.2024ж. күні Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасына қарасты  101- топ студенттері рухани байлығын және ТДМ 5 «Дендерлік теңдікті»  дамыту мақсатында Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхаттады. Бұл күні театрда «Келіндер көтерілісі» қойылымы қойылды.

«Келіндер көтерілісі» - сахна төрінен түспей келе жатқан комедиялық жанрда жазылған шығармалардың бірі. Бұл пьеса желісімен әлемнің он төрт елінде талай спектакльдер қойылып, бірқатар көркемфильм түсірілген. Өзбекстан Республикасының көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын жазылған.

Мұңды комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді. Адам баласының еркіндігі, еркі, іс-әрекеті, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған. Қойылымда ата дәстүрін берік ұстайтын өзбек халқының ұлттық биі мен музыкасы қолданылады. Астарлы әзілге толы комедия көрермен қауымды күлкіге бөлей отырып, терең ойға батырады.

Студенттерді осындай шараларға баули отырып, біз студенттердің қоғамның дамуына өз үлесін қосуына себепкер бола аламыз.