05 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай және ТДМ -4 аясында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында кезекті жас ғалымдар мен студенттердің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясы өтті. «Қылмыстық құқық, қылмыстық атқару және криминологияның казіргі мәселелері» секциясы бойынша, жоғары оқу орындарынан келген студенттер
мен жас ғалымдардың замануи ғылыми мәселелерді шешуге арналған жұмыстары тыңдалды. Конференцияның комиссия құрамында
з.ғ.к.,профессор Г.М.Атаханова, з.ғ.к,доцент М.К.Бисенова, PhD,доцент Қ. Аратулы мен PhD,доцент А.Ерғали дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық белсенділігіне нақты шынайы бағаларын берді.
Конкурстық комиссиясы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты қарастыра келе, үздік жұмысты марапаттауға ұсынады: І дәрежелі дипломымен 1 жұмыс, ІІ дәрежелі дипломымен 2 жұмыс, ІІІ дәрежелі дипломымен 3 жұмыс марапатталды.