- Басты бет
- Жаңалықтар
- Еркін Ғазизұлы Жәкішевті еске алуға арналған "Қазіргі жағдайдағы криминалистика және сот сараптамасы (рөлі, маңызы және даму перспективалары)" (22-ші жыл сайынғы Жәкішев оқулары) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Еркін Ғазизұлы Жәкішевті еске алуға арналған "Қазіргі жағдайдағы криминалистика және сот сараптамасы (рөлі, маңызы және даму перспективалары)" (22-ші жыл сайынғы Жәкішев оқулары) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2024 жылдың 5 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасында криминалистика және сот сараптамасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ғазизұлы Жәкішевті еске алуға арналған "Қазіргі жағдайдағы криминалистика және сот сараптамасы (рөлі, маңызы және даму перспективалары)" (22-ші жыл сайынғы Жәкішев оқулары) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Гибридті форматта (онлайн, офлайн) өткізілген конференцияда қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді, мемлекеттің, қоғамның және адамның қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді ескеріп, криминалистика ғылымы мен сот-сараптама қызметін дамытудың ұлттық және халықаралық мәселелері талқыланды.
З.ғ.д., профессор Аминев Ф.Г. (Башқұртстан), з.ғ.к., доцент Жук М.Г. (Беларусь), з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мушатова Г.А., сарапшы Сыздықбекова А.С. және басқа ғалымдар криминалистика ғылымындағы жаңа бағыттар, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің жаңа әдістемелерін әзірлеу туралы қызықты және мазмұнды баяндамалар жасады.