«Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі» тақырыбында психологиялық семинар трениг
«Сапалы білім беру» атты ТМД 4-тармағын және университет мерейтойы қарсаңында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргузу және криминалистика кафедрасы «90 жыл – 90 іс-шара» мерейтойлық іс-шаралар циклын жүзеге асыру аясында кафедра аға оқытушысы Даубасова С.Ш. 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» , «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3, 4 курс білім алушылардың қатысуымен «Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі» тақырыбында психологиялық семинар трениг өтті. Тренинг - кәсіптік және тұлғалық қарым- қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Бүгінгі танда психология ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсуде. Жоғарғы оқу орындарында білім алушыны тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Бүгінгі жасалған тренингтерде білім алушының психологиялық ерекшелігінің даму деңгейін анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген жұмыстарды жүргізуге мүмкіндіктер болды. Тренингтегі топтық жұмыстар білім алушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды. Тренинг арқылы оқытушы мен білім алушылардың арасындағы өзара байланыс нығая түсуде. Тренингтін тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас жоғары деңгейде болуы, яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасының туындауы ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға ықпал етеді. Психологиялық семинар трениг өткізудің мақсаты: интерактивті әдістерді қолдану арқылы білім алушының дамуына, тәрбиелілікке, оқыту қабілетін ұтымды пайдалануға, ықпалдастыққа, өзін-өзі кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелеуде.