ТМД 8 аясында кездесу тақырыбы: « Студенттің заңгер мамандығының болашағы»

10 сәуір, 2024

2024 жылдың 9 сәуірінде 8 мақсат бойынша «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» ТМД-ның іске асыру аясында «6В04205 Құқықтану» ММ 309-топ студенттері арасында Алматы қаласы полиция департаментінің Жетісу аудандық полиция басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.

Бұл іс-шараның тақырыбы « Студенттің заңгер мамандығының болашағы». Шараны заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырды. Жиын барысында Жетісу аудандық полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Назгүл Жақанқызы Қалықбаева ішкі істер органдарындағы жұмыс ерекшеліктеріне тоқталып, ішкі істер органдарында қызметке орналасу және одан әрі қызмет ету тәртібіне тоқталды.

Атап айтқанда, сұхбаттасу барысында қонақтар полиция қызметінің қызықты әнгімелеріне, оқуға қабылдау шарттары мен талаптарына тоқталды, студенттерді де қызықтыратын: еңбек өтіліне және арнаулы шеніне байланысты жалақы мөлшері, денсаулығына байланысты жәрдемақылар, ведомстволық стационар ұйымдарында тегін медициналық көмек көрсету, азаматтық жоғары оқу орындарының түлектерінің ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу ерекшеліктері, мансаптық перспективалары және т.б.

Іс-шараға Жетісу аудандық ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тамтенова Магри Көкпаевна да қатысып, ішкі істер органдарындағы қызмет тарихы, өткізілген іс-шаралар, полиция ардагерлерімен кездесулері туралы қызығушылықтарымен бөлісті.

Студенттерге ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі мен шарттарын қамтитын бейнематериалдар мен буклеттер таратылды. Шара соңында студенттер қызықты кездесу үшін полиция өкілдеріне алғыстарын білдірді. Олар көптеген жаңа және пайдалы ақпараттарды білгендерін атап өтті.

 

з.ғ.к., доцент Абикенов А.А.

аға оқытушы, PhD Асанова С.Э.