«Көшбасшылық дәрісі: қазіргі әлемдегі авторлық құқық»
2024 жылдың 10 сәуірінде сағат 12.00-де Заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының бастамасымен «Авторлық құқық мәселелері» тақырыбында көшбасшылық лекция ұйымдастырылып өткізілді.
Заң ғылымдарының кандидаты, авторлық құқық саласының маманы Т.Б.Төлегенов оқыған дәріс авторлық құқық саласындағы заманауи мәселелерді терең талдау мен талқылаудың қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар білімді тәжірибеде қолданудың үлгісі болып табылады. Бұл іс-шараның спикері білікті практик Т.Б.Төлегенов болды, сонымен қатар ол көптеген танымал әндер мен поэмалардың авторы болып табылады, оның сөзі тыңдаушылар үшін ерекше қызығушылық береді. Оның авторлық құқық саласындағы тәжірибесі аудиторияға осы құқық саласының теориялық негіздерін де, өзінің шығармашылық және заңгерлік тәжірибесінен практикалық мысалдарды да ұсынуға мүмкіндік берді.
Дәрісте шығарма авторларының, композиторлардың, ақындардың, орындаушылардың авторлық құқықтарын қорғау сияқты авторлық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ ұжымдық құқықтарды басқару және авторлық құқықты қорғау мәселелері талқыланды.
Іс-шарасында факультет студенттері мен оқытушыларының, өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Дәріс студенттердің осы тақырып бойынша білімдерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге бар мәселелерді талқылау мен талдауды ынталандырды. Дәріскер студенттерді авторлық құқықты зерттеу мен жүзеге асыруға қызығушылық танытуға, сол арқылы Қазақстандағы осы саладағы мамандардың бос орнын толтыруға шақырды.