«Команда және инновация – мүмкіндіктерге дайындық» тақырыбында воркшоп өтті

11 сәуір, 2024

09.04.2024 жылы "Менеджмент" кафедрасы «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты  ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында воркшоп өткізді. 

Воркшоп спикері - Қуатбай  Айбек  Нұрланұлы,  «BuginHolding» компаниясының бас директоры.

Айбек  Нұрланұлы «Команда және инновация – мүмкіндіктерге дайындық»  тақырыбы аясында студенттерге баяндама жасап,  компанияның тәжірибесімен бөлісті. Студенттер  тарапынан сұрақтар қойылып белсендіпікір алмасу болды.  Воркшопқа "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Смагулова Г.С., аға куратор, Ғалымқызы Г., оқытушы Жайназар Ә.Ж. сонымен қатар "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 3 курс студенттері қатысты.