«Трансформациялау, маркетинг және коммуникация» воркшоп

11 сәуір, 2024

Цифрлық технологиялардың даму процесі қазіргі кезеңде керемет қарқынмен жүріп жатыр. Дүние жүзіндегі адамдардың санасы мен өмірінде елеулі өзгерістер болды, жаңа шындық, біз уақытымыздың едәуір бөлігін өткізетін жаңа виртуалды әлем пайда болды.Сонымен қатар тәжірибелі өз ісінің шеберлерінен алынған ақпарат, сонымен қатар өз кәсібін жетік меңгерген жоғары білікті мамандар ерекше құнды .

2024 жылдың 9 сәуірінде «Экономика және Бизнес Жоғары мектебі» ғимаратында «ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ПАРАДИГМАСЫ: ҚИЫНДЫҚТАР, САЛДАРЛАР, МҮМКІНДІКТЕР» 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы такырыбы шеңберінде «Трансформациялау, маркетинг және коммуникация» воркшоп өтті.

Маркетингте жасанды интеллект, машиналық оқыту, үлкен деректер, виртуалды және толықтырылған шындық, компьютерлік көру және нейромаркетинг сияқты технологиялық шешімдерді пайдалануды РОШОНОК АЛЕКСЕЙ ЭДУАРДОВИЧ – Essence Mediacom-пен байланысты Rating Point компаниясының цифрлық стратегиялық директоры ұсынды.

Іскерлік технологиялар кафедрасының студенттері мен оқытушылары жаңа білім алып, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсті.