Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу
09.04.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, «Әділет» клубының мүшелері, 408 топ студенттері БҰҰ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді мақсаттар» тұрақты даму мақсаттары - 10 аясында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді.
Модератор: Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры, «Әділет» клубының жетекшісі Г.М.Атаханова: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу қоғамдағы қылмысты алдын алудың маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке қатыса отырып, қоғам мен өмірге адамгершілік көзқарастарын қалыптастыра отырып, жастар қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын принциптерде тәрбиеленуі мүмкін деген принциптерді түсіндірді.
Дөңгелек үстелдің спикерлері: «Әділет» клубының мүшелері: Боисқызы Гүлім, Ибрагимова Гюзаль, Олжасұлы Ердаулет, Нурбекүлы Әлішер, Қанжігітова Аружан баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тәрбиелеу, ақиқаттың құндылығын мәнін ұғындыру. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу тиімді болу үшін, олардың тұлғаларын құрметтеп, ерте жастан бастап оның қалыптасуын ынталандыру арқасында жасөспірімдердің үйлесімді дамуын қалыптастыру.