Виктимология және оның қылмыстың алдын алудағы рөлі (дөңгелек үстел)
2024 жылдың 10 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 1-курс докторанты Тұрысбек Р.Б. ғылым апталығы мен №4 «Сапалы білім беру» ТДМ аясында «Виктимология және оның қылмыстың алдын алудағы рөлі» тақыбырында дөңгелек үстел өткізді.
Талқылау барысында Виктимологияның даму тарихы мен виктимологияның ғылым ретіндегі ерекшеліктері, оның басқа да ғылым салаларымен байланысы қарастырылды. Қатысушылар: виктимология – бұл криминологияның бір бөлімі және қылмыс құрбанының доктринасы, қылмыстық әрекеттің құрбанына айналуы мүмкін жеке немесе топтық құрбандар туралы ғылым екендігін атап өтіп, бұл ғылымды зерттеу мен қылмыстардың алдын-алу үшін қандай маңыздылығы барын талқылады. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, белсенді пікір мен тәжірибе алмасты.