Дәріс

12 сәуір, 2024

Дәріс қатысушыларына кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Р.Е. Джансараева құттықтау сөз сөйледі. Құттықтау сөз барысында профессор Р.Е. Джансараева Газиз Әбдібекұлы Байтасовтың мұрасын зерделеудің болашақ заңгерлердің бойында патриотизм, кәсіби жауапкершілік және өз халқына қызмет етуге деген ұмтылыс сезімін қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Дәріс барысында:
* Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері.
* Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлігі қарастырылды.
Баяндамашылар:
* Атаханова Гүлзагира Махатовна, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.
* Ақболатова Марал Елтаевна, PhD докторы, аға оқытушы.
* Бисенова Меруерт Қылышбаевна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Баяндамашылар өз сөздерінде Ғазиз Байтасовтың Қазақстан халқына сіңірген зор еңбегін атап өтті. Олар оның жоғары кәсібилігін, принципшілдігін, өз мұраттарына адалдығын және адам құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын атап өтті.
Дәріс аясында Ғазиз Байтасовтың өмірі мен қызметіне арналған оқу кабинетімен танысу өтті. Оқу кабинетінде қызметтік формасы, кітаптары, фотосуреттері, бейне және аудиожазбалары, сондай - ақ Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың дипломы мен қызметтік паспорты бар материалдардың кең жинағы бар.
Дәріс қорытындысы бойынша пікірталас өтті, оның барысында іс-шараға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ақпараттық дәріс өткізу ТДМ 16 іске асырудағы маңызды қадам болды. Іс-шара жастардың Халық қаһарманының өмірі мен қызметі туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті, сондай-ақ оның мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты арттырды.