- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 17: Орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру
ТДМ 17: Орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру
11.01.2024. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің басшылығымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен отандастарға ерікті гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияға заң факультетінің студенттері де қатысты.
Құтқарушылар жаппай эвакуациялауға мәжбүр болған өңірлердегі ауыл тұрғындары еріген судан көп зардап шеккені белгілі. Осыған байланысты су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін қажетті заттар (шаруашылық тауарлар) берілді.
Заң факультетінің деканы, профессор Д. Л. Байдельдинов және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.А. Қуаналиева барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды су тасқынына байланысты қиын жағдайда қалған отандастарымызды қолдауға, табиғи апаттың салдарын еңсеруде ынтымақ пен жоғары азаматтық ұстаным көрсетуге шақырды.