- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Корей Республикасының сыртқы саясатындағы Евразиялық вектор» тақырыбында ашық тәжірибе сабағы
«Корей Республикасының сыртқы саясатындағы Евразиялық вектор» тақырыбында ашық тәжірибе сабағы
2024 жылдың 11 сәуірінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру (ТДМ) бағытының «жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар, әлеуетті арттыру, сауда» бөлімі негізінде «7M02217-Шығыстану» (корей тілі) мамандығының 1 курс магистранты Ясын Нұрсәуле педагогикалық тәжірибеден өту кезеңінде «6B02207 –Шығыстану» (корей тілі) мамандығының 3 курс студенттеріне «Корей Республикасының сыртқы саясатындағы Евразиялық вектор» тақырыбында ашық тәжірибе сабағын өткізді.
Ашық тәжірибе сабағына «Корейтану» бөлімінің оқытушысы Жаханова Ж.А. және Болгария елінен келген қонағымыз «Әулие Климент Охридский» атындағы София университетінің «Жапонтану» кафедрасының PhD докторы Людмила Кирилова қатысты.
Ашық тәжірибе сабағының мақсаты студенттерді жаһандық серіктестік бағытында Корей Республикасы мен Евразия елдерінің арасындағы ытымақтастық шеңберін нығайту, елдер арасында ресурстарды оңтайлы игеру, технологиялардың жаңа жетістіктерімен өзара бөлісу, сауда-саттықты кеңейту, халықтың әлеуеттік жағдайын арттыру аясында жасалынып жатқан іс-шаралармен таныстыру олардың келешегін талдау және ұсыныстарымен бөлісу негізінде өткізілді.
Студенттер сабақ барысында Корей Республикасы мен Евразия континентінде орналасқан, атап айтсақ: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Белорусия, Украина, Қытай, Үндістан т.б елдермен серіктестігін талдай отырып олардың қазіргі кезеңдегі өзекті (экология, су ресурстары, миграция, экономика саяси толқулар, гендерлік теңсіздік, бейбітшілік, қауіпсіздік, ланкестік) мәселелеріне тоқталып, осындай күрделі мәселелерін шешудегі елдер арасында құрылған қауымдастықтар мен ұйымдар қызметіне де баға беріп отырды. Магистрант Ясын Нұрсәуле сабақ барысында студенттерді осы тақырыптар аясында ойға тартып пікір талас жүргізді және «Кahoot» ойын оқу платформасы арқылы ойындар ұйымдастырып жарыс өткізді.
«Әулие Климент Охридский» ат. София университетінің «Жапонтану» кафедрасының PhD докторы Людмила Кирилованың ашық сабаққа қатысудағы мақсатыда осы «университеттік білім беру жүйесін түсінуге арналған зерттеу» жұмысы. Осы тұрғыдан сабаққа қатыса отырып студенттермен аталмыш тақырыпта әңгіме-сұхбат құрып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.
Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Жаханова Ж.А.