Құқықтану және халықаралық құқық
11.04.2024 ТДМ (БҰҰ)- жүзеге асыру аясында «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы Ұрпақ» жобалық кеңсесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Онлайн Мектебінің «Бұқаралық ақпарат құралдарын сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбындағы №5-дәрісін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, ҚазҰУ-нің заң факультетінің, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамындағы оқытушы Смагулова Санрай Канаткызы және «Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл» №6-дәрісін «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор Джумабаева Карлыгаш Асильхановна өткізді. Дәріс барысында қатысушы аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу белсенді сипат алды. Лектор өз зерттеулері мен тәжірибедегі мәселелерді атап өтіп, осы мәселелерді шешу жолдарымен таныстырды.
Дәріске қатысушы аудитория:
1)Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің "Әди Шәріпов атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары
2)Алматы қаласы білім басқармасының «№198 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9,10,11-сынып оқушылары
3)Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің «Малыбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-11 сынып оқушылары
4)Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің «А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11-сынып оқушылары
5)«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы Ұрпақ» ұйымының белсенділері
6)«Тұран» университетінің «Гуманитарлық-заң» факультетінің студенттері