«6B04103 — Экономика» білім беру бағдарламасы аясындағы XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

13 сәуір, 2024

«6B04103 Экономика» білім беру бағдарламасы аясында

«Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Кәсіпорын экономикасы» пәндері бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада (әpi карай PCПO)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, кәсіпорын экономикасы.

Олимпиада өткізілетін мерзімі 16.04.2024 24.04.2024 жж.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары: студенттердің кәсіби қабілеттерін дамыту, олардың экономика саласындағы білім деңгейін арттыру, дарынды студенттерді анықтау және қолдау, еліміздің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, «Экономика» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мүдделі тараптар арасындағы байланысты дамыту.

Олимпиада міндеттері:

1) студенттердің оқу - танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;

2) студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау;

3) студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;

4) ең талантты және дарынды студенттерді таңдау және қолдау;

5) білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыру.   

PCПO-ғa қатысуға 6B04103 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Студенттік олимпиадаға қатысу (жол ақысы, тәуліктік және орналасу шығындары) жіберуші тараптың есебінен қаржыландырылады.

Студенттер PCПO іс-шараларына команда құрамымен қатысады.

PCПO-ны жүргізу кезінде олимпиада қатысушыларына (қатысушы командаларға) келесідей талаптар қойылады:

  • Команданың шекті саны 3 адамнан аспауы тиіс.
  • PCПO-ғa қатысуға күндізгі бөлім нысанында оқитын 2-3 курс студенттері жіберіледі.
  • Командалар саны жоғары оқу орнынан 2 командадан аспайды.
  • Үміткерлердің кандидатураларын ұсыну құқығы өздері оқитын жоғары oқy орнының Ғылыми Кеңесімен ұсынылады.

Олимпиада 2 кезеңде жүргізіледі:

  • 1 кезең (жоғары оқу орнында);
  • 2 кезең (республикалық).

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

PCПO-ның 1 кезеңі студенттер арасында өздері оқитын жоғары oқy орындарында өткізіледі. Tуpғa студенттер жеке сынаққа қатысады.

PCПO-ның республикалық 2 кезеңіне негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді (I, II, III орын алған командалар) анықтау мақсатында бекітілген конкурстық тапсырмалар бойынша командалар офлайн қатысады.

PCПO-ның республикалық кезеңі екі турдан тұрады:

  1. бірінші тур (сырттай) олимпиада пәндері бойынша эссе бағалау нәтижелерінің негізінде олимпиадаға қатысушыларды іріктеу.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу ұсынылған эссемен бірге төмендегі құжаттарды economolymp@mail.ru электронды адреске жіберу керек:

  1. олимпиаданың 1 кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) колы қойылған хат немесе хаттамамен рәсімделген ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі;
  2. олимпиадаға қатысу үшін өтініш формасы;
  3. эссе келесі тақырыптық бағыттардың бірі бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін; талаптарға сәйкес рәсімделген команданың эссе жазбасы.

Командаға конкурстық өтінімді қабылдаудан және тиісінше олимпиадаға қатысудан бас тартылуы мүмкін, егер:

• конкурстық өтінімді уақтылы ұсынбау;

• өтінімнің олимпиада талаптарына сәйкес келмеуі;

• қажетті құжаттарды толық немесе дұрыс ұсынбау;

• қатысушылардың мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеуі.

Эсселер 5 критерий бойынша бағаланады:

    • Эссе мазмұнының мамандық тақырыбы мен бағытына сәйкестігі (20 %);
    • Тақырыптың өзектілігі: мәселенің мазмұнды және нақты қойылуы және эссенің теориялық-әдіснамалық негізін негіздеу (25%);
    • Мәліметтің ғылыми стилі, материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі (25%);
    • Әлеуметтік маңыздылығы (20% );
    • Ерекшелігі (плагиат тексеру) (10%).

Бірінші турдың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның мүшелері екінші турға қатысу үшін командаларды іріктейді және екінші кезеңге шақырылады.

  1. екінші тур - 1-шi турдан өткен командаларды тестілеу және мамандық пәндері бойынша қолданбалы есептерді шешу.

Тест тапсырмасын орындауға 40 минут, есептерді шығаруға 1 сағат беріледі. Тест бойынша максималды балл - 40 балл. Шешілген есептер үшін жалпы максималды балл - 60 болады. Оның ішінде:

    • "Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша - 20 балл;
    • "Макроэкономика" пәні бойынша -20 балл;
    • "Микроэкономика" пәні бойынша -10 балл; 
    • "Экономикалық теория" пәні бойынша -10 балл.

Финалдық турдың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы екінші турдың әрбір кезеңінде команда алған барлық ұпайларды ескереді және жинақтайды.

Балл сомасы басқа командалар арасында ең жоғары болып табылатын университет командасы жеңімпаз болып танылады.

Республикалық олимпиаданың 1,2,3 орындарға ие болған жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

  • I орын үшін  –  I дәрежелі диплом (1 командадан артық емес);
  • II орын үшін –  II дәрежелі диплом (2 командадан артық емес);
  • III орын үшін –  III дәрежелі диплом (3 командадан артық емес).

Дипломдар олимпиада аяқталғаннан кейін тапсырылады.

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары қатысу сертификаттарын алады.

Олимпиаданы ұйымдастыру олимпиада бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

 

Олимпиаданы ұйымдастыру жане өткізу бойынша іс-шаралар кестесі

 

Мерзімі

Іс-шаралар

Жауапты тұлғалар

16.04.2024 ж. (дейін)

ЖОО тарапынан ұжымдық өтініш және эссе жіберу

Ұйымдастыру комитеті

17.04.2024 ж.

Олимпиадаға қатысу үшін өтініштерді және эссені тіркеу

Ұйымдастыру комитеті

18.04.2024

Эссені тексеру

Байқау комиссиясының

мүшелері

18.04.2024 ж.

Студенттік командаларды іріктеу бойынша комиссия отырысы және ұйымдастырушылық комитетке іріктеу нәтижелерін ұсыну

Байқау комиссиясының мүшелері

Ұйымдастыру комитеті

19.04.2024 ж.

РСПО-ның екінші тур кезеңіне өткен командалар тізімін жариялау

Ұйымдастыру комитеті

24.04.2024 ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-те РСПО-ның екінші тур кезеңін өткізу

Байқау комиссиясының мүшелері

Ұйымдастыру комитеті

24.04.2024 ж.

PCПO нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау

Ұйымдастыру комитеті

 

Байланысатын тұлға: Андабаева Гулмира Кенжегалиевна +7 701 320 3724

Электрондық мекен-жайы: economolymp@mail.ru

Олимпиаданың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Экономика және бизнес жоғары мектебінің ғимараты, Экономика кафедрасы, 223 кабинет.

Веб-сайт: https://farabi.university/

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ