ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

15 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базалық ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі №14-0/1420-вн хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.
Байқауға арналған жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз:
-  қағазда («СҒЗЖ республикалық байқауына» белгісімен) мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, КеАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ».
-  электронды пошта арқылы, e-mail: nurgul.yedrenova@kaznu.edu.kz
Байқау жұмыстары 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми жобаларының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар» талаптарына сәйкес қабылданады.
Байланыс тел.: 8(727) 337 33 33 (іш.:11-62)
Қосымша:
 1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы ережелер.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқу-әдістемелік секциялардың тізімі

https://farabi.university/storage/files/3687571308661e0a1215711179634206_рекомендации+НИРС+2024.docx

https://farabi.university/storage/files/24776991376633794dc9fc2418170575_Перечень ОП конкурса НИРС на 2024 год.pdf