- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мәселеге жаңаша көзқарас: жемқорлықпен күресуге студенттер қалай көмек бере алады
Мәселеге жаңаша көзқарас: жемқорлықпен күресуге студенттер қалай көмек бере алады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәселеге жаңаша көзқарас: жемқорлықпен күресуге студенттер қалай көмек бере алады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Қ.Р.Усеинова,
Ғылыми-иннновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары - з.ғ.к., доцент Д.А.Тұрсынқұлова, Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары - PhD докторы А.М.Бискультанова және ойын ортаға салуға шақырылған спикер қонақтар
қатысты. Атап айтқанда кафедраның докторанттары С.Ахметова мен Қ.Алихан және А.Мұхамеджан, курс 1 курс магиранты А.Кобландина мен 4 курс студенті М.Бейсетбай өз баяндамаларымен бөлісіп, өзара ой-пікір алмасып студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.