Факультетіміздің студенттерімен ТДМ аясында кездесу өтті

17 сәуір, 2024

17.04.2024 ж. шығыстану факультетінің аға куратор-эдвайзері А.А. Еслямгариев факультетіміздің студенттерінің Smart health University City ЖШС-ның әлеуметтік қызметкері Лукьянчикова Елена Николаевнамен тұрақты даму мақсаттары: салауатты өмір салты аясында кездесуін ұйымдастырды.  Кездесу барысында келесі тақырыптар "нашақорлық" және "қалаусыз жүктіліктің алдын алу" талқыланды.  Іс-шараның мақсаты студенттерге салауатты өмір салтының маңыздылығы және екі маңызды мәселенің алдын алу әдістері туралы ақпараттық білім беру болды.
Дәріс өте қызықты өтті және студенттер әртүрлі пікірталастарға қатысты, бұл тақырыптарды кеңірек ашуға көмектесті.