Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау мәселелері
18 сәуір, 2024
17 сәуір 2024ж. ТДМ-4 және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90-жылдығының аясында заң факультетінің, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті М.К.Бисеновамен 1 курс магистранты А.Нұрымғали 2 курс студенттеріне «Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау мәселелері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер жаза тағайындаудың өз ерекшеліктерін, яғни жасалған қылмысқа байланысты жаза тағайындау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі оның мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды талқылады.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024