2024 жылдың 17 сәуірінде сағат 12.30-да Қонаев университетінде 3 және 4 курс студенттері үшін «Құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтарын қорғау жолдары: теория және практика мәселелері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісті Қонаев Университетінің, заң клиникасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.М. Абдуллинаның шақыруымен әл фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценттері, з.ғ.к., Ашыралиева Баян Советбекқызы, Қалиева Гүлмира Сәдуақасқызы өткізді.
Лекторлар қоғамда болып жатқан өзгерістердің жаһандық сипаты мен жылдамдығына қарамастан, заңды мүмкіндіктер мен тұлғаларды құқықтардың бұзылуынан қорғаудың құқықтық құралдары тиімді және тұрақты болуы керек екенін атап өтті. Сонда ғана азаматтар мемлекеттік және қоғамдық институттарға сенім артады, бұл әлеуметтік салаларда сындарлы үдерістерге әкеледі. Дәріс барысында қатысушылар қазіргі жағдайда құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.