ТДМ 8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" аясындағы ашық сабақ
16.04.2024 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының оқытушысы PhD доктор Қонысбай Бақыткүл Менленқызы Заң факультетінің 2 курс 203 тобының студенттерімен ТДМ 8 мақсаты “Өршіл, жан-жақты және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және нәтижелі жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта «экономикалық өсім» мәселелері талқыланды.
Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев әлеуметтік- экономикалық қатерлерді ескере отырып, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын жариялады. Жаңа Қазақстан халыққа жайлы өмірді қамтамасыз етуге бастайтын бағыт болуы қажет. Ал ол үшін тұрақты жұмыс, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге әр азамат ат салысу керек. Әлемдегі жұмыссыздар саны күн санап өсуде. Ал олардың арасында айтарлықтай бөлігі – жастар. Сол себепті сапалы жұмыс орындарын ашу кез-келген ел үшін оңай міндет болмай отыр. Алдын-ала жасаған есеп бойынша 2016-2030 жылдар аралығында әлемдегі жаңа еңбек нарығына жаңадан қосылатын 470 миллион адамға жұмыс орындары қажет болады.«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 651 мың азамат жұмыспен қамтылған екен. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында жүйелі түрде қолға алынып келе жатқан шаралар арқасында қауіпсіз жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады. Елімізде Қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға дейінгі жоспар жүзеге асырылуда.
Әр адам өзінің өміріне толық көңілі толуы үшін оның табысы тұрақты болуы аса маңызды. Тұрақты табыс болуы үшін жай ғана жұмыс орны емес, адамның өзіне қажет заттар мен қызметтерін сатып алуына жеткілікті табысы болуы қажет. Ол үшін әркімнің мүмкіндігіне, қабілетіне сай жұмыс орны болу қажет. Сонымен қатар жұмыс сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Соңғы 15 жылда әлемде еңбек өнімділігі айтарлықтай төмендеп, өмір сүру сапасы мен жалақы деңгейіне кері ықпал етті. Жалпы сапалы жұмыс орындарын ашу мен еңбек өнімділігін арттыру – дамушы елдер үшін де, дамыған елдер үшін де ең қиын мәселелердің бірі болып қалуда. Сондықтан тұрақты дамудың 8-мақсаты экономикалық өсім және лайықты жұмыс орындарының мәселесіне арналды. 2030 жылы әлем елдеріндегі еңбекке қабілетті халықтың бәрі жеткілікті табыс көзі болатын, қауіпсіз, отбасының әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ететін, жеке адамның дамуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамтылуға тиіс.