Тұрақты даму бастамасы аясында 2024 жылдың 16 сәуірінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Битабарова Ж.А. ZOOM платформасы арқылы БМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттарымен «Қымбат емес және таза энергия» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның 7-ші тұрақты даму мақсатына арналған. Вебинар барысында қатысушылар Қазақстан мен Әзірбайжанның энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ету және қолжетімділігі, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Әзірбайжан мен Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің мүмкіндіктері талқыланды. Дамыған елдердің (Германия, Франция, АҚШ) жаңартылатын энергия көздері саласындағы тәжірибесін зерттедік. Вебинар қорытындысы бойынша осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.