1961 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самарка ауылында дүниеге келген. Славян сегіз жылдық мектебін бітіргеннен кейін Алматы қаласына көшіп келіп, 114-ші мектепте (1975-1977) оқуын жалғастырды. Талғат сонымен қатар С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) жанындағы жасөспірімдер математика мектебінің (1977) түлегі, оны бітіргеннен кейін ҚазМУ механика және қолданбалы математика факультетін "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша үздік бітірді.
1982-1985 жылдары ҚазКСР ҒА математика және механика институтында (ММИ) күндізгі аспирантурада оқыды. 1985 жылдан бастап "01.01.02-дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика" мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1985-1988 жылдары ММИ-де ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1988-1997 жылдары ҚазМУ механика-математика факультетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1993 жылдан – "информатика және басқару" мамандығы бойынша доцент.
1997 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетке әскери қызметке шақырылған. 2014 жылы ҚР ҰҚК Академиясы бастығының бірінші орынбасары қызметінен отставкаға шыққан. Әскери атағы – полковник. 2014 жылдан – ҚР ҰҚК әскери зейнеткері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры.
2004 жылдан бастап "05.13.18-математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені" мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы. 2005 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып сайланған. 2006 жылдан – "математика, есептеу техникасы және басқару" мамандығы бойынша профессор. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Бір техника ғылымдарының докторын, бес ғылым кандидатын, төрт PhD докторын дайындады. 2018 жылдан бастап ол 150-ден астам жарияланым жариялады: оның 19-ы Scopus тізіміне кіретін журналдарда және 5-і Web of Science тізіміне кіретін журналдарда басылған. Авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы 39 куәлік алынды. Хирш Индексі = 6.
Гранттық жобалар орындауға басшылық етті: 1) Ұйымдастырушылық басқару жүйелерін зерттеу үшін аралық математиканы дамыту (2011-2013 жж.), 2) AP05131027 – Ақпаратты қорғаудың биометриялық әдістері мен құралдарын әзірлеу (2018-2020 жж.), 3) АР05132044 – Адамның психофизиологиялық параметрлерін бағалаудың аппараттық-медициналық кешенін әзірлеу (2018-2020 жж.).
Ғылыми қызығушылықтары: басқарудың математикалық теориясы, есептеу математикасы, компьютерлік модельдеу, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен автоматтандырылған ақпараттық аналитикалық жүйелерді әзірлеу.
1995 жылы көрнекті ғылыми зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиямен және 1) ДЗМҰ Республикалық Кеңесінің (1984); 2) Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық Комитетінің (1985); 3) Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің (1985); 4) ҚР ҰҚК Төрағасының (2009) Құрмет грамоталарымен марапатталған.
"ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР Білім және ғылымның құрметті қызметкері", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының дамуына қосқан зор үлесі үшін", "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" сияқты бірнеше медальдармен, "МАИН Алтын ордені" Құрметті ескерткіш белгісімен марапатталған.
Өзін жоғары білікті, жауапты маман ретінде танытты, Қазақстанда ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де қоғамдық және ғылыми өмірге белсенді қатысады: ҚР ҰҚК-де қызмет еткен кезінде "ҚР ҰҚК Ғылыми-техникалық Жаршысы" журналының бас редакторы болды, 2005-2010 жылдары математика, информатика және есептеу бойынша Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің Сараптамалық кеңестің мүшесі болды. Қазіргі уақытта америкалық "Математика және статистика" журналының рецензенті, Бішкек қаласындағы (Қырғызстан) докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады.