«Біздің қолымыздан келді және сіздің де қолыңыздан келеді!» тақырыбында семинар-тренинг өтті

12 сәуір, 2024

12 сәуірде «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер мен инклюзивті ортаны құруға және аталмыш студенттерімен жұмыс істеуге жауапты мұғалімдерге арнап  «Біздің қолымыздан келді және сіздің де қолыңыздан келеді!» тақырыбында мотивациялық семинар-тренинг ұйымдастырды.

Бұл семинар-тренингке Республикалық «Жылы ұя» көру қабілеті нашар жандарды оңалту орталығында жұмыс істейтін денсаулығында, тірек-қимыл жүйесі мен көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар мамандары спикер ретінде шақырылды.

«Жылы ұя» орталығының оңалтушысы – Иминова Мариям Мирзахуновна, «Алты нүкте» журналының редакторы және Брайль шрифті бойынша маман – Әжібеков Асыл,  «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша НарХоз университетінің 4-курс студенті, оңалту орталығының практиканты – Мақұлбекова Тоғжан  және Воронцов Эльдар – «Sector X» инклюзивті-қоғамдық интернет радиосының журналисі өздерінің ойларымен, өмірлік көзқарастарымен, өзін және қоршаған ортаны ынталандыру тәжірибесімен, оқудағы, жұмыстағы, отбасындағы жетістіктерімен бөлісті. Арасында Тоғжан көрермендерге  2 ән айтып берді.

Семинар-тренингке келген орталық мамандарының өмірлік сынақтары -батылдық пен мотивацияның, қоғамда ТЕҢ және ТӘУЕЛСІЗ болуға деген ұмтылыс пен табандылық тамаша үлгісі.