ТДМ 3 Сапалы білім беру "Емле Ережелері" тақырыбындағы ашық сабақ. Әскери Аббревиатураларды Шығару және Қолдану принциптері"

19 сәуір, 2024

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы, 7М02310 - «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс магистранты Сыздықова Айнұр педагогикалық тәжірибеден өту барысында 18.04.2024 күні «Yazım Kuralları Askerî Kısaltmaların Türetilme ve Kullanılma Esasları» тақырыбында «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттерінде ашық семинар сабағын ТДМ 3 шеңберінде сапалы білім беру өткізді. Семинар сабағының мақсаты студенттерге дұрыс және тиімді қарым-қатынас жасау үшін тиісті емле ережелерін үйрету және әскери терминологияны түсінуге көмектесу. Сабақта жаңа тақырып толық түсіндіріліп, сабақты бекіту үшін студенттер ауызша және жазбаша, сондай˗ақ тыңдалым тапсырмаларын орындады. Сабаққа кафедра мұғалімдері қонақ ретінде қатысты.