2024 жылдың 17 сәуірінде Заң факультетінде кеден құқығы саласындағы белгілі заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің профессоры Сайлаубек Тынышбекұлы Әлібековтың "Қазақстанның кеден саласы: жағдайы мен болашағы" тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Өз сөзінде студенттерді кедендік, салықтық құқық, сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу, ЕурАзЭҚ-тағы экономикалық қатынастар саласындағы жарияланған еңбектерімен таныстырды.
Қонақ дәрісті ұйымдастырушы - кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының кеден жүйесінің пайда болу тарихы мәселелері талқыланды. Қазақстанның кеден саласының пайда болуы мәселесі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024