
2024 жылдың 5 сәуірінде Медицина және денсаулық факультетінде «FARABI ALEMI» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында 2 секция ұйымдастырылған: 1 секция – «Медицина, денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері», 2 секция – «Салауатты өмір салты, дене шынықтыру, спорт және спорт медицинасының теориялық және практикалық аспектілері». Іс-шара университеттің 90 жылдық мерейтойына және SDG 4 «Сапалы білім» жүзеге асырылуына арналды.
«Медицина, денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» секциясында барлығы 26 қатысушы жарияланды, оның 4-і ТМД елдерінен (Өзбекстан Республикасы: Бұхара мемлекеттік медицина институты – 3, Ташкент медицина академиясы – 1). Іс жүзінде 23 қатысушы қатысты, оның 1-і ТМД елдерінен (Ташкент медицина академиясы, Ташкент, Өзбекстан Республикасы). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан 5 студент, 4 магистрант және 2 докторант қатысты.
Іс-шараны Медицина және денсаулық факультетінің деканы С.Б.Қалмаханов ашып, сәттілік тіледі.
Жұмысты бағалау үшін келесі құрамда комиссия құрылды:
1. Балмұханова А.М. – төраға, PhD, Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының доцент м.а.
2. Уалиева А.Е. – PhD, Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі
3. Акпарова А.Ю. – м.ғ.к., клиникалық пәндер кафедра меңгерушісінің орынбасары
4. Ахаева Т.А. - PhD, іргелі медицина кафедра меңгерушісінің орынбасары
5. Демеубаева Д.М. – хатшы, медицина магистрі, Медицина және денсаулық факультетінің ЖҒК төрағасы.
Байқау қорытындысы бойынша ІІ орын жүлделері «Медицина (дәрігер-зерттеуші)» мамандығының 2 курс магистранты Нарова Д.Р., «Медицина» мамандығының 3 курс докторанты Габдулина М.О., «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Байсынов Н.
Басқа жаңалықтар


