— ҚазҰУ

18.04.2024 күні кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Студенттік заң клиникасының жетекшісі PhD Қожабек Қ.М. NARXOZ университетінде өткен ғылыми семинарда баяндама жасады. Баяндамада Студенттік заң клиникасының жұмысы жан-жақты таныстырылды. Студенттік заң клиникасының кеңесшілері Жүніс Ә., Әділбай Т. ғылыми баяндамаларын талдап, арнайы диплом иегерлері атанды.