- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- «Ерте жүктіліктің алдын алу, жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу» және «Кене шағуының алдын алу»
«Ерте жүктіліктің алдын алу, жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу» және «Кене шағуының алдын алу»
29 сәуір күні университетіміздің Химия және химиялық технологиялар факультетінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен ерте жыныстық қатынасқа түсудің алдын алу» және «Кене шағуының алдын алу» тақырыбында студент қыздарға арналған үлкен семинар өтті. Семинарды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№7 қалалық емханасы» мамандары жүргізді.Жалпы семинарда қыз баласының денсаулығы, ерте жүктілік пен ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны, ағзадағы горманалдық өзгерістің белгілері, оны емдеу үшін не істеу қажет екендігі туралы ақпараттар айтылды. Сондай-ақ, көктем айларынан күз айларына дейін жалғасатын кене шағу мен одан тарайтын әртүрлі инфекциялық аурулар туралы да студенттеріміз толық ақпарат алды. Сонымен қатар, кене шаққан жағдайда жасалатын алғашқы шаралар туралы айтылды. Семинар соңында студенттер келген мамандармен суретке түсіп, оларға алғыстарын білдірді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№7 қалалық емханасы» мамандарына, университетімізге келіп, студенттеріміздің денсаулық саласында білімін жетілдіруге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!