«Франциядағы стипендиялық бағдарламалар»

24 сәуір, 2024

2024 жылдың 24 сәуірінде Механика-математика факультетінде  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранттары үшін Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерімен «Франциядағы стипендиялық бағдарламалар» тақырыбында кездесу өтті.


Іс-шараға Реймс Шампан-Арден университетінің бағдарламасы және Лотарингия университетінің ENSAIA инженерлік мектебі сияқты қос дипломдық бағдарламалардың бірінші курс студенттері, сондай-ақ басқа факультеттердің студенттері қатысты. Кездесуді Францияның Қазақстандағы елшілігінің университет және мәдени ынтымақтастық жөніндегі жоба жұмысының өкілі Назерке Мұхтарқызы мен Campus France координаторы Гүлзара Сүлейменова Ташболатқызы ұйымдастырды.
Кездесуде магистранттарға француз университеттеріне түсуге қатысты барлық мәселелер, сондай-ақ «Абай-Верн», «MOPGA–Master Kazakhstan» және «Француз үкіметінің әлеуметтік қамту стипендиялары» сияқты стипендиялық бағдарламаларға қатысу шарттары бойынша түсіндірмелер берілді. (БҚС – Қазақстан, Қырғызстан).