Алматыда «ALMA CUP 2024» жобасы

28 сәуір, 2024

28 сәуір Алматы қаласында «ALMA CUP 2024» спорттық жобасы аясында баскетбол турнирінің ерлер мен әйелдер арасындағы финалдық ойындары өтті.

 ALMA CUP – ЖОО мен колледждер арасындағы шағын футбол, волейбол, баскетбол және киберспорт секілді командалық ойындарды қамтитын, ауқымды спорттық турнир. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 800 000 теңгені құрайды. 
Жоба денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, корпоративтік мәдениетті дамыту мен Алматы қаласының жастарына патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Баскетбол бағыты бойынша турнирда 17 оқу орнынан жалпы 22 команда (16 ерлер, 6 әйелдер) қатысып, өзара бақ сынасты.
Тартысты ойынның нәтижесінде:
* Ерлер арасындағы баскетболда:
I орын – ХАТУ
II орын – ҚазСТА
III орын – ҚазҰУ
* Әйелдер арасындағы баскетболда:
I орын – ҚазҰУ
II орын – ҚазСТА
III орын – ҚызПУ командалары жеңіске жетті!

Дарынды спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Студенттеріміздің жаңа жеңістерге қол жеткізуіне тілектеспіз!