Тұрақты дамудың 6-мақсаты: Су ресурстарының қолжетімділігін және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету

5 мамыр, 2024

06 қазанда ЖМ 22-04 тобының студенттері тұрақты дамудың алтыншы мақсаты: Су ресурстарының қолжетімділігін және ұтымды пайдалануын қамтамасыз етуді талқылады. БҰҰ мәліметінше, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша        дүние жүзінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қолжетімсіз. Ал 1,7 миллиард адам тұщы суға мұқтаж. Әлемде таза судың жоқтығы мен антисанитарлық жағдайдың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қайтыс болады. Сондықтан халықаралық деңгейде су ресурстарын ұтымды пайдалану ең өзекті мәселе болып табылады.
Куратор-эдвайзер: Шевченко А.С.