"Менің университетім" тақырыбында эссе жазу cайысы

3 мамыр, 2024

2024 жылдың 3 мамырында  педагогикалық практика аясында, Тұрақты даму мақсаттары "Сапалы білім беру" мақсатын жүзеге асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің студенттері арасында "Менің университетім" тақырыбында эссе жазу сайысы ұйымдастырылды. Байқауға философия және саясаттану факультеті кафедрасының барлық мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысып, үздік эссе таңдалып алынды. Эсседе студенттер университетіміздің жетістіктерін, жоғары білім алудың өзектілігі мен маңыздылығын талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Ұйымдастырушылар: мәдени антропология 1-курс магистранттары Ілесбек Аят, Алшынова Әсел, Алмаханова Назерке, Алимхан Айдана, Таңсық Жанар дінтану және мәдениеттану кафедрасынан оқытушылар: PhD доктор Тунгатова У.А. аға оқытушы Кудерина А.Н., филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., филос.ғ.к. Жаркимбаева Д.Б., филос.ғ.к. Мұханбет Ә.А., Кудайбергенов С.Е.