ТДМ 16 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану» клубының ұйымдастыруымен шетелдік тыңдаушылар Жетісу кереметтерінің бірі Түрген шатқалына саяхатқа шықты.
Шараның мақсаты: Шетелден келген студенттерге Өлкетануға саяхат жасап, ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ кереметтерін ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды, шежірелі жерді жас ұрпаққа насихаттау мен Өлкетануға саяхат жасау арқылы елдегі туризмді дамыту.
«Жер жәннаты - Жетісу» атанған Алматы облысының табиғаты сан алуан. Бұл аймақтан қаңсыған шөлді де, көсіле аққан көлді де, зәулім тауды да кездестіруге болады. Сондықтан, Алматы облысының көркем табиғатын тамашалауға еліміз бен шет елден келушілер саны күннен-күнге артып келеді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024