ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік

20 мамыр, 2024

Ядролық физика институтында Түркияның беделді университеттерінің бірі "Ege University" (Эгей университеті) ядролық ғылымдар институтының профессоры Фазилет Зумруд Бибер Муфтулердің қатысуымен ғылыми семинар өтті.Аталған семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының Ядролық медицина БББ студенттері қатысты.

Профессор"A general perspective on preclinical radiolabeling studies"тақырыбында баяндама жасады. Профессор Фазилет Зумруд өз баяндамасында радиохимия саласындағы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Профессордың ғылыми қызығушылығы көпсалалы клиникаға дейінгі зерттеулер, соның ішінде 99mtc және 131/125i радио таңбаланған изотоптардың дизайны мен синтезі болып табылады.

Сондай-ақ, профессор Түркиядағы академиялық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Профессор Фазилет Зумруд Бибер Муфтулер радиохимия және ядролық медицина саласында 20 жылдан астам зерттеу тәжірибесі бар. Scopus ғылыми мәліметтер базасына сәйкес 62 басылымға ие және оның Хирш индексі (дәйексөз индексі) 13-ке тең.