Қалалық ғылыми семинар жалғасуда

28 мамыр, 2024

Факультет қабырғасында Математика және Компьютерлік Моделдеу Институты мен факультетіміздің қолдауымен кезекті Қалалық Ғылыми Семинар өткен болатын. Семинарда "Numerical Invariants of Group Homomorphisms" атты тақырыпта Нұрсұлтан Қуанышов баяндама жасаған болатын. Өз кезегінде баяндамашы ҚазҰУ-нің түлегі, докторантураны Флорида Университетінде Александр Дранишниковтың жетекшілімен оқыған. Семинарда факультет докторанттары мен оқытушылар, сонымен қатар елімізге танымал ҚР ҰҒА-ның жанындағы Математика және Компьютерлік Моделдеу Институтының профессорлары қатысқан болатын. Баяндамашы өз тақырыбын жоғары деңгейде қорғап шықты, сонымен қатар аудиторияда қойылған сұрақтарға жауап берді. Қойылған сұрақтар тақырыптың қызықты өткенінің белгісі деп білеміз.