Францияда оқитын магистранттар тізімі шықты

28 мамыр, 2024

Біреу білсе, біреу білмес - факультетімізде магистратура бойынша "7М05407 Математика (УРША, Франция)" атты қос-дипломды бағдарлама бар. Бағдарлама университетіміз бен Франциялық Шампань-Арденн Университеті арасындағы келісім бойынша жүзеге асады. Бағдарлама бойынша магистранттар Қазақстанда 1 жыл оқиды. Оқу барысы келесідей: 1-ші семестрден кейін, 2-семестрде Франциялық оқытушылар арнайылап группалар теориясына қатысты сабақ өткізеді. Оған қоса, тілдік курстар бірге жүріп жатады. Франциялық әріптестеріміз сабақ оқытып болғаннан кейін, емтихан алынады. Сол емтиханнан өткен магистранттар Францияға барып Шампань-Арденн Университетінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Емтихан қорытындысы бойынша келесі магистранттарымыз Францияда білімін шыңдайды деп күтілуде:

  1. Насипказы Ақмарал Еркинбекқызы
  2. Аширов Сансызбай Базарбаевич
  3. Еламан Аида Нұралықызы
  4. Султанбек Тоғжан Ануарбекқызы
  5. Өтегенова Айгерім Əбдіқадырқызы
  6. Токтай Шыңғыс Серикұлы

Кафедра атынан магистранттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қазір жасап жатқан бұл кішкентай қадамдарыңыз - болашаққа берілетін үлкен мүмкіндіктер есігі болсын.