«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған тәрбие сағаты

7 қыркүйек, 2024

ТДМ 4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Кеден,қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева, аға оқытушысы А.А. Есекееваның кураторлық  403 оқу тобы студенттерімен   2024 жылдың  6 қырқүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2024 жылы Қазақстан халқына Жолдауын ашық үстел үстінде талқыладық.
Жолдаудың ішінде бас назарды “БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП”-ке қойдық. 
Ол бағдар бойынша Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керектігі нақты айтылған және одан бөлек Қасіретті қаңтар оқиғасы , отбасылық зорлық зомбылық, синтетикалық есірткі тұтынушылардың көбеюін, интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтарға айырықша назар салу керегін атап өтті . 
Бұл тақырыптар қазіргі уақыттағы ең өзікті мәсеселер болғандықтан топ студенттері өз белсендігін көрсетіп , ойларын ашық жеткізіп , бір-бірімен тың мәліметтермен бөлісті .