6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпы республикалық референдум өтеді

11 қыркүйек, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін бірқатар маңызды шешімдер мен жұмыстарды орындау туралы айтқан болатын. Соның бірі - еліміздегі энергия тапшылығын болдырмау үшін АЭС салуға байланысты жалпыхалықтық Референдум өткізу. "Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады", – деп мәлімдеді Қ.К. Тоқаев.

Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы "200-ге жуық" атом электр станциясы барын айтқан президент, "бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді," - деді. Сонымен бірге АЭС салу бойынша өңірлерде бірқатар тыңдалымдар өткізілген болатын. Маңызды шешімді халықтың қабылдауы, қарсы болуы 6 қазан күні белгілі болады.

з.ғ.к., доцент Айгаринова Гульнар Тулеухадировна