ТДМ-4: «Нашақорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өтті

13 қыркүйек, 2024

     

        Еліміздегі Жоғары оқу орындарының психолог мамандары үшін СДУ психологы және халықаралық тренер Сейтказиева Назеркенің ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні «Нашақорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында Zoom платформасында семинар өтті. Бұл онлайн семинарға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Психологиялық қызмет» және «Инклюзивті орта» мамандары мен еліміздегі әртүрлі Жоғары оқу орындарынан 150-ге жуық психолог маман қатысты. 

    Семинар барысында қатысушылар «Нашақорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбын кең түрде, белсенді талқылады. Сонымен қатар студенттер арасында тәуелділіктің пайда болу себептері, психоактивті препараттарды қолданудың салдары, нашақорлықтың алдын алу жолдары сөз болып, сондай-ақ осы санаттағы студенттерге психологиялық қолдау көрсету бағыттары айқындалды. Семинарға қатысушы мамандар өзара психологиялық кеңес берумен және пайдалы практикалық әдіс-тәсілдермен бөлісті. Заманауи сындарға жауап ретінде тың идеялар ұсынылып, ортақ талқыланды. 

     Әртүрлі жоғары оқу орнының психолог мамандарының басын бір жерге түйістірген бұл семинар конструктивті өтіп, Қазақстан психологтарының өзара бірлігін көрсетті.