РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ - АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ БІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ

17 қыркүйек, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында энергетикалық ресурстардың жаһандық тапшылығы мәселесіне аса назар аударды. Жолдауда экологиялық таза энергия көздерін іздеудің өзектілігі  атап көрсетілді. Атом энергетикасын елдің өсіп келе жатқан энергетикалық қажеттіліктерін едәуір дәрежеде қанағаттандыруға қабілетті перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында 6 қазанда халықтың таңдауын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде атом электр станциясын салу мәселелері бойынша референдум өткізу жоспарлануда. Бұл қадам демократиялық принциптерді нығайтуға және энергетиканың маңызды мәселелері бойынша азаматтардың пікірін ескеруге бағытталған.

Біздің ойымызша, референдум өткізу азаматтық ұстанымды білдірудің маңызды құралы ретінде ел тарихындағы негізгі шешімдерді қабылдауға әсер етеді.

Рашева Гүлнұр Қойшынқызы

PhD докторы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы