ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

16 қыркүйек, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша Ұлттық референдум 6-шы қазан күні өтінін айтылды.

Жалпы АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбейіп келеді. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтып әлек. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей. «Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы PhD доктор М.Н. Умбетов