ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ ӘРБІР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БІРЛЕСІП ЖАСАЛУҒА ТИІСFarabi University

ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ ӘРБІР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БІРЛЕСІП ЖАСАЛУҒА ТИІС

19 қыркүйек, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында референдум өткізу белгіленді.

Республикалық референдум өткізу мақсаттарының бірі - мемлекеттiк өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Мемлекет басшысы ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс деп атап өтіп, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды биылғы 6 қазанына белгіледі. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Референдумда маңызды сұрақтарға байланысты шешім қабылдауға қатысу Қазақстанның әрбір азаматының құқығы болып табылады.

Джангабулова А.К. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті.