«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері» ғылыми семинарFarabi University

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері» ғылыми семинар

20 қыркүйек, 2024

2024 жылы 19 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық  құқық кафедрасының ұйымдастырумен ҚР Президенті Жолдауын,  ТДМ-16 және 2029 жылға дейінгі ҚР Ұлттық даму жоспарын, ҚазҰУ-дың 2024-2025оқу жылына арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарын іске асыру аясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинар заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Ахатов У.А. алғысөзімен ашылды. Ғылыми семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Досанов Адиль Сабитович қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің қызметімен таныстырды. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге ғылыми семинар жұмысына мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Ибраева Алуа Саламатовна, қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к., қауымдастырылған профессор Керімбек Ғалымжан Есқараұлы, азаматтық құқық, азаматтық процесс және еңбек құқығы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD докторы Мырзатаев Нұрмұхаммед Дәулеткелдіұлы белсенді араласты. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы ғылыми семинарға қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, іс-шараны қорытындылады. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.