Президент Жолдауын және АЭС - тің қоғамдағы рөлін талқылады.

26 қыркүйек, 2024

   26 қыркүйек 2024 жылы сағат 11:00-де 317 аудиторияда 2 курс студенттерімен алдағы референдумның негізгі мәселелері талқыланды. Талқылауға азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж. Сулейменова, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары доцент Г.Г. Нурахметова және PhD докторы Н.Д. Мырзатаев белсенді қатысты.

     Профессор С.Ж. Сулейменова 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында атом энергетикасын дамытудың маңызды экономикалық және саяси мәселе екенін атап өткенін жеткізді. АЭС салудың орындылығы жөніндегі пікірлердің сан алуандығын ескере отырып, бұл мәселені республикалық референдумға шығару ұсынылды. АЭС Балқаш көлінде, Алматы облысының Үлкен ауылында салынатынын еске сала кетті. Билік АЭС салу арқылы еліміздің тек таза ғана емес, сонымен бірге арзан электр энергиясын алатынын, бұл төмен тарифтерді сақтауға мүмкіндік беретінін уәде етіп отыр.            

   Студенттер АЭС салудың экологиялық және экономикалық салдары туралы сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Жергілікті экожүйелерге әсері, станцияны қауіпсіз пайдалану және еліміздегі атом энергетикасының ұзақ мерзімді даму перспективалары талқыланды. PhD докторы Н.Д. Мырзатаев заманауи зерттеулер мен әлемдік тәжірибеге сүйене отырып түсініктемелер беріп, студенттердің мәселені тереңірек түсінуіне көмектесті. Талқылау жастарды өз болашағына қатысты шешім қабылдау үдерісіне тартудың маңыздылығын көрсетті. Профессор С.Ж. Сулейменова референдум мәселелерін түсіну студенттердің сыни ойлауын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыратынын атап өтті. Алдағы референдумға қатысты мәселелерді талқылау кафедра оқытушылары мен студенттері арасында пікір алмасудың маңызды алаңы болып, елдің болашағына қатысты шешім қабылдауда азаматтық қатысудың маңыздылығын атап өтті. Студенттердің мұндай талқылауларға қатысуы олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және демократиялық үдерістерді түсінуге ықпал етеді.

   Іс-шара көрсеткендей, 2024 жылдың 6 қазанындағы референдумды талқылау – тек формальдылық емес, елдің энергетикалық саясатына қатысты маңызды мәселелер бойынша әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге мүмкіндігі.