.jpeg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 404- топ студенттері 6 қазан күні референдумда талқыланатын АЭС- тің салынуы туралы дөңгелек үстел өткізді. Пікірталас барысында бұл өзгерістің елімізде әкелетін әсерлері жайлы ой қозғалды. “Қазақстанға қажетті таза энергия тапшылығын шешудің бір жолы - АЭС салу” деген көзқарасты талқылады. АЭС жобасы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына жаңа серпін береді. Бұл құрылыстың экономикаға емес, экология мен саясатқа тигізер әсерлерін де қарастырды. АЭС құрылысы тақырыбы қоғамда осы күнге дейін де пікірталас туындаткан. Осыған орай, бірқатар тұлғалардың да көзқарасын басшылыққа ала отырып, техникалық тұстарды да тыс қалдырмады. Топ студенттері 6 қазан күні болатын референдумда белсенділік көрсететіні анық.
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025