ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫ БАЙҚАЛУДА
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде сенімді, экологиялық таза энергия тапшылығы байқалуда және Қазақстан да оның ішінде ерекшелік емес.
2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттігі туралы, сондай-ақ бұл мәселені жалпы республикалық референдумға шығару туралы айтты.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында бизнесті дамыту үшін негіз болатын озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге маңызды рөл бөлінетін саяси жүйе мен қоғамдық өмірді реформалаудың маңыздылығын атап өтті.
Жолдаудың маңызды бағыттары табиғатқа ұқыпты қарау, табиғатты қорғау үшін жауапкершілік, экологиялық проблемаларды шешуге әмбебап қатысу және экологиялық қауіпсіздігі туралы бүкіл халықтың хабардар болу болып табылады.
Ұсынылып отырған шаралар еліміздің дамуымен қатар экономикалық тәуелділік мәселелерін шешуде, жаңа жұмыс орындарын құруда, еңбек нарығында қажетті кадрларды оқыту мен даярлауда оң әсер етеді.
А.Т. Ибрагимов,
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасыңың аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты